Facebook пайдаланушылар туралы мәліметті олардың рұқсатынсыз қолдануға көшеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдаланушылар туралы деректерді рұқсатсыз үшінші тұлғаға таратуға мүмкіндік беретін жаңа саясатты қолданысқа енгізбек, делінген пайдаланушыларға жолданған әлеуметтік желідегі хабарламада. Бұл туралы Утро.ru. хабарлады.
None
None

Егер желіні пайдаланғың келсе, әлеуметтік желінің жаңа саясатын қабылдауға міндеттісің.

Facebook пайдаланушыларының дербес мәліметтерін жарнама қызметтері, талдау компаниялары, байланыс операторлары және басқа да қызмет жеткізушілермен бөлісетін болады.

Facebook сауалдары заңды негізде болса, деректерді мемлекеттік органдарға береді. Бұл ретте әлеуметтік желі пайдаланушылардың дербес деректерін тарату барысында олардан рұқсат сұрамайтын болады.

Соңғы жаңалықтар