Facebook пен Google ғылыми зерттеулерге 3 млн. АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындады

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Facebook-тің негізін салушы Марк Цукерберг пен Google-дің негізін қалаушылардың бірі Сергей Брин және ресейлік инвестор Юрий Мельнер ғылым саласында жыл сайын берілетін сыйақы тағайындады.
None
None

Сыйақы қатерлі ісік, генетикалық ауруларды емдеу және өмір сүру ұзақтығын зерттеу жұмыстарына беріліп отырмақ. Сыйақы бұл жолы 11 ғалымға беріледі, деп хабарлайды «Азаттық».

Breakthrough Prize in Life деп аталатын сыйақының көлемі 3 миллион АҚШ долларын құрайды. Еске сала кетсек, Нобель сыйлығына берілетін қаржының көлемі - 1,27 миллон АҚШ долларына тең.

Сыйақыға ие болғандардың аты-жөні таяуда Сан-Францискода жариялануы тиіс. Қор сыйақыны жылына кем дегенде бес рет тапсыруды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар