Facebook пен Microsoft Атлант мұхитының түбімен 6 мың км кабель жүргізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook пен Microsoft тамыз айында өткізу қабілеті жоғары суасты трансатлантикалық кабельді жүргізу жұмыстарын бастайды, деп жазады geektimes.ru.

Facebook пен Microsoft Атлант мұхитының түбімен 6 мың км кабель жүргізеді

MAREA жобасы Солтүстік Америка және Еуропа жағалауын байланыстырады. Сегіз оптикалық жұп кабель мәліметтерді 160 Tbps жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді.

Ұзындығы 6 600 шақырымдық кабель Виргиния Бич - Бильбао бағытымен өтетін болады.