Facebook-те 2000-нан артық досы бар адамдарды қонақүй тегін қабылдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Стокгольмдегі ең жақсы қонақүйлердің бірі Nordic Light Фейсбук әлеуметтік желісінде 2000-нан аса досы бар адамдарды бір апта бойы тегін тұруға мүмкіндік береді.
None
None

Сондай-ақ Инстаграмда 100 мыңнан артық оқырманы бар адамдар да бөлмелерге тапсырыс бере алады. Қонақүйдің сыйы бұнымен ғана бітпейді. Әлеуметтік желіде оқырманы аз адамдарға да жеңілдіктер жасалған. Мысалы, Фейсбукте 1,5 мың досы барларға 15 пайыз, 1000 жазылушысы бар адамдарға 10 пайыз, ал 500 досқа 5 пайыз жеңілдіктер берілген.

Айта кетейік, Стокгольмдегі ең арзан қонақүйлердің бір тәулігінің бағасы кем дегенде 360 доллар тұрады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар