Facebook-ті салық қызметкерлері тексеруде
Осылайша, 2010 жылы Facebook Ирландиядағы филиалына өз активтерінің бір бөлігін, оның ішінде «пайдаланушылар базасын, онлайн платформа мен маркетингке арналған жеке меншіктің материалдық емес түрлеріне» жеке меншік құқығын тапсырды. Бұл факт бойынша америкалық салықшылар (АҚШ Ішкі кіріс қызметі -ІКҚ) Ernst & Young аудиторлық компаниясын салықтан жалтарудың заңсыз сызбасын құрды деп күдіктеніп отыр. Ernst & Young Facebook активтерін бағалауға өкілетті болды және олардың құнын "миллиардтаған долларға" төмендетті, деп хабарлады CNN телекомпаниясы.
ІКҚ күдікті растау немесе сейілту үшін бірнеше рет Facebook басшылығынан қаржылық құжаттарды сұраған. Ағымдағы жылдың маусымында ғана салықшылар Facebook-ке осындай сұрату (сауал) жіберген. Алайда Марк Цукербергтің компаниясы олардың бірін де елемеді. Осыған байланысты америкалық салықшылар Әділет министрлігіне жүгінді. Министрлік сотқа шағым жолдады.
Әділет министрлігі Facebook-тен тергеумен ынтымақтасуды және салықшылар сұраған бар құжатты беруін талап етті.