Facebook, TikTok мен Instagram-ды қанша қазақстандық қолданады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжілісте «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Жалпы отырыс барысында депутат Екатерина Смышляева заң жобасы бойынша негізгі баяндама жасаған әріптесі Айдос Сарымға онлайн платформалар Қазақстанда міндетті түрде өкілдіктерін ашу керектігіне қатысты нормаға байланысты сұрақ қойды.

«Заң жобасында онлайн платформалардың Қазақстан аумағында өкілдіктерін ашуын міндеттеу туралы норма көзделген. Бұл талап әділ әрі дұрыс екені сөзсіз. Дегенмен, платформалардың басым бөлігі шетелдіктер екенін түсінеміз. Яғни, олар шетелде құрылады. Соған орай бірнеше мысал келтірейін. Қазақстандық сегмент аталған әлеуметтік желілер үшін аса үлкен емес. TikTok-ты ай сайын миллиардтан астам адам пайдаланса, қазақстандық сегмент – 10 млн, Facebook-ті 2 миллиардқа жуық адам қолданса, Қазақстанда – 2 миллион, ал Instagram-ның 1,3 млрд белсенді қолданушысы бар, қазақстандық сегмент – 10 млн. Мұндай сегменттің өте төмен екендігін ескерсек, меншік иелері үшін Қазақстанда өкілдік ашу қаншалықты тартымды?», - деді Екатерина Смышляева.

Осы орайда Айдос Сарым өкілдік ашуда еш проблема болмайтындығын айтады.

«Бүгінде уәкілетті органда барлық әлеуметтік желімен жақсы байланыс бар. Мұның үстіне осы уақытқа дейін TikTok компаниясы Қазақстанда ресми өкілдігін ашты. Сондықтан, меніңше, қорқытпаймыз. Сонымен қатар Қазақстан нарығы да тартымды. Халық саны біршама аз болғанымен бұл нормалар жұмыс істеп тұрған елдер де бар. Барлық әлеуметтік желі қаражат тауып жатыр әрі азаматтарға сөйлесуге, ақпарат бөлісуге мүмкіндік беріп отыр», - деді Айдос Сарым.


Соңғы жаңалықтар