Facebook-тің негізін қалаған Марк Цукерберг үйленді
АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең ірі әрі алғашқы әлеуметтік желілердің бірі «Фейсбугтың» негізін қалаған Марк Цукерберг үйленді,
деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Жергілікті БАҚ-тардың ақпаратына сәйкес, ол 10 жылдан астам уақыт бойы араласып жүрген құрбысы 27 жастағы Присцилле Чанмен шаңырақ көтерді.
Ол М.Цукербергпен Гарвард университетінде оқып жүргенде танысқан көрінеді. Дегенмен, оқуын жарты жолдан тастап кеткен күйеуіне қарағанда ол бұл оқу орнын бітіргеннен кейін Калифорния университетінің медицина факультетінде де білім алған.
Айта кетейік, бастапқыда Гарвард университетінің студенттерін біріктіретін әлеуметтік желі ретінде құрылған әлемдегі ең ірі Facebook бірінші көпшілік ұсыныс (IPO) аясында құнды қағаз үшін 38 доллар деңгейінде, яғни бұған дейін белгіленген 34-38 доллар шеңберінде бағаланып отыр. Ал компанияның өзі 104 миллиард долларға бағаланды. Қазіргі таңда бұл әлеуметтік желіні 900 млн.-нан астам адам пайдаланады.