Facebook-тің тікелей эфирінде ер адам өлтірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Кливленд қаласының полицейлері Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде адамды өлтірген Стив Стивенс есімді азаматты іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, Стив Стивенс көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс қарияны басынан атып, қылмыс орнынан еш алаңсыз бой тасалаған және онысын Facebook Live арқылы көрсеткен.
Ал Associated Press агенттігінің жазуынша, жасалған қылмыстың видеосы Стивенстің парақшасында үш сағатқа жуық уақыт тұрған, кейін ол алынып тасталды.
Ер адам әлеуметтік желі арқылы өзге де көптеген қылмыстарды жасағанын айтқан. Бірақ бұл мәлімдемелерінің нақтылығы әлі анықталмады.
Полицейлер өздерінің Twitter-аккаунтарында күдіктінің фотосын жариялады әрі оның аса қауіпті және қарулы екенін атап өтті.