Facebook тұтас қалпына келетін энергия көздеріне көшеді
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Facebook компаниясы 2020 жылға қарай өз кәсіпорындарында атмосфераға зиянды заттарды шығару көлемін 75% қысқартып, толығымен қалпына келетін энергия көздеріне көшуді мақсат етіп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Бүгін біз парниктік газдар шығару көлемін 75% қысқартып, 2020 жылға қарай жаһандық операциялардың 100% қалпына келетін энергия көздерінде орындалуын қамтамасыз ету міндетін алып отырмыз», - деп мәлімдеді Facebook өкілдері.
Компания 2013 жылдан бері Күн батареялары мен жел электр станцияларының есебінен алынған 3 ГВТ электр энергиясын сатып алу бойынша келісімшарттар жасаған. Айта кеткен жөн, соның 2500 ГВт энергиясы соңғы күнтзбелік жылдың үлесіне тура келеді.
2015 жылы Facebook 2018 жылға қарай өз кәсіпорындарының 50%-ын қалпына келетін энергия көздеріне өткізуге уәде берген болатын. Компания бұл міндетті 2017 жылы орындағанын мәлімдеген.