Facebook-тың таза табысы екі есеге артқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың екінші тоқсанындағы Facebook әлеуметтік желісінің таза пайдасы 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 2 есеге (138 пайыз) өсіп, 791 млн. долларға жетті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Есепті кезеңде түсім 61 пайызға өскен, бір жыл бұрынғы 1,81 доллар болған көрсеткіштің орнын басып, 2,91 млрд долларға жетті. Тоқсандық түсімнің көп бөлігі (92 пайызы) жарнамадан түскен табыстарға келеді, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 67 пайызға өсіп, 2, 68 млрд. долларға дейін жеткен, дейді ақпарат агенттігі.
Facebook - $182,9 млрд. капиталы бар, әлемдегі ең ірі әлеуметтік желі. Әлеуметтік желінің ай сайынғы аудиториясы 1,32 млрд пайдаланушы. Компанияны Марк Цукерберг 2004 жылы құрған.