Facebook жаңа бейнесервисін іске қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы қаңтар айының соңында Facebook бейнематериалдарды орналастырып, қарауға мүмкіндік беретін жаңа қызметін іске қосуға уәде берді, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Facebook жаңа бейнесервисін іске қосады

Жаңа жоба әзірше тестілеу кезеңінде.

Плейпарақшалардың форматы YouTube бейнепорталына ұқсас болып, «Бейне» қосымша парақшасында орналасатын болды. Қолданушылар роликтерді онлайн-көрсетілімде тамашалап, пікір қалдыра алады.

Жобаны жасаушылар эксклюзивті навигация мен бірегей дизайн жасап шығаратынына уәде берді.