Facebookке тағы бір қосымша қосылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісі Moments қосымшасын даярлауда. Бұл посттарды достар арасындағы түрлі топтарға жариялауды жеңілдетеді. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Facebookке тағы бір қосымша қосылады

Бұл қосымшаның пайда болуына пайдаланушылардың көпшілігі Facebook-ті дұрыс пайдалана алмауы себеп болған. Мәселен, кей пайдаланушылар өзінің жеке фотоларын белгілі бір адамдар тобына арнап жариялағысы келіп, абайсыздан барлығына көрінетіндей етіп парақшасына орналастырып қояды.

Осыған ұқсас концепция Google+ әлеуметтік желісінде бар.