Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Falcon 9» зымыран-тасығышының ұшырылымы соңғы секундтарда тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Dragon ғарыш кемесі бар «Falcon 9» зымыран-тасығышының Халықаралық ғарыш стансысына жіберілуі ұшырылымға 30 секунд қалған кезде тоқтатылды.

«Falcon 9» зымыран-тасығышының ұшырылымы соңғы секундтарда тоқтатылды

НАСА америкалық ғарыш агенттігінің хабарлауынша, ғарыш кемесінде ХҒС-қа арналған жүк болған, деп жазады RT.

Ұшырылымның тоқтатылуы ракетаның екінші сатысының рульдік басқару веторындағы Merlin қозғалтқышының күшінде анықталған проблемамен байланысты болуы мүмкін. Ғарыш кемесі бар «Falcon 9» зымыран-тасығышы Флорида штатындағы Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылуы тиіс болды.