«FalconEuroBus» компаниясының өкілі электробустың неге кептеліп қалғанын түсіндірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «FalconEuroBus» компаниясының өкілі электробустың неге кептеліп қалғанын түсіндірді.

«FalconEuroBus» компаниясының өкілі электробустың неге кептеліп қалғанын түсіндірді

Оқиға кеше Жандосов көшесінде болған еді.

Тестілік режімнен өтіп жатқан жаңа неміс электробусы келген бағытына қарай бұрылам дегенде бұрылысқа симай 15 минутқа кептеліп қалған.

Компания өкілінің айтуынша, бұл оқиғаның көліктің сапасына ешқандай қатысы жоқ. Жол оқиғасы жүргізушінің кесірінен болған.

«Жүргізуші өзінің қандай ұзын автобусты жүргізіп келе жатқанын ұмытып қалған. Сондай-ақ, ол 7 минут бойы көліктің оталған-оталмағанын анықтай алмай отырған. Борттағы компьютер неміс тілінде болғандықтан, «бұрыла алмайсыз» деген сигналды жүргізуші түсінбеген. Германиядан келген компания өкілі де жүргізушінің кінәсін айтып отыр. Жолдың ені 10 метр болса, автобустың ұзындығы 18 метр. Адам 50 жыл бойы басқа автобустарды жүргізіп келген. Жүргізушілердің мәдениеті туралы да айтып өту керек. Автобусқа 3 минут берсе, сол жерден шығып кететін еді», - деді «FalconEuroBus» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әділханов.

Оның айтуынша, бүгін автобус тестілеуден жақсы өтіп жатыр. Батарея қуаты 400 шақырымға жетеді.

«Бұл тестілік автобус. Сондықтан, оны Германиядан бақылап отыр. Бағдарламасын өзгерте алмаймыз. Кейін өзімізде өндіріс ашқан кезде есіктеріндегі жазулар да барлық ақпарат та, хабарламалар да қазақ және орыс тілдерінде болады», - деді ол.

Жаңа автобустар туристерді тасымалдау жолдарына қойылады.

Айта кету керек, Алматыда жыл соңына дейін «Eurоbus» электробустарын құрайтын зауыт салынатынын осының алдында хабарлаған болатынбыз.

Алматы әкімдігі жаңа зауыт үшін Төле би-Яссауи маңынан жер телімін берген болатын.

Аталған зауытта алғашқы жылы 20 автобус құрастырып шығу жоспарда бар.

«Зауыт жоба бойынша корпусты-монтажды және ол 45 минут ішінде салынады. 20 автобустың ішкі материалдарына тапсырыс берілді. 75% Германиядан алдырылса, қалғаны 25%- қазақстандық өндірушілердікі», - деген болатын компания директоры.

Аталған автобустар Алматы көшелеріне қаншалықты лайықты екендігін білу үшін компания Германиядан құны 500 мың еуро болатын автобус алдырған.

@ztb_kz Электробус, который недавно презентовали в Алматы, не поместился на улице Жандосова и создал пробку. У автобуса была тестовая поездка. #Казахстан #Алматы #Астана #Караганда #Шымкент #Туркестан #Жетысай #Сарыагаш #Актобе #Атырау #Павлодар #Тараз #Кызылорда #Семей #Кокшетау #Темиртау #Жезказган #Балхаш #Талдыкорган #Костанай #Орал #Петропавл #Оскемен #Актау #🇰🇿 #kris_p_almaty

Публикация от Online #1ViP@kris_p_almaty🇰🇿 (@kris_p_almaty) Июл 18 2017 в 8:38 PDT