Фанкони анемиясының ауыр түрімен ауыратын Аяжанға көмек керек
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аяжанның ата-анасының айтуынша, мұндай ауру тек жілік майын ауыстырып салу арқылы емделінеді. Қазақстанда аурудың мұндай түрін емделу жолы жоқ екен. Аяжан бұл сырқаттың түрімен 2005 жылдан бері ауырады. 2008 жылы Минск қаласындағы Мемлекеттік балалар онкологиясы мен гематология мекемесінде тексерілуден өткеннен кейін Аяжанға Фанкони анемиясының ауыр түрі деген диагноз қойылды.
«Қызым ауырғаннан бастап қан препараттарына тәуелді болғандықтан, қан құю кезінде С гепатитін жұқтырып алды. Минскіде бір емес, екі операция жасалды. Бірінші операция биыл наурыз айында жасалса, екінші операцияны маусым айының 19 күні жасаған болатын. Содан бері қызыма бір-ақ рет қан құйылды. Дегенмен, біз ең қиын уақыттарды артта қалдырдық. Бүгінгі күні қызымның жағдайы ақырын -ақырын болса да оңалып келеді. Жазылып кетуіне үміт пайда болды. Мен бар мүлкімді саттым. Емді жалғастыруға қаражатымыз бітті. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі дағдарысқа байланысты көмек бере алмаймыз деді. Қажетті қаражатты жинай алмай отырмын. «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмайсың» дегенмен, біздің жағдайымызда, қызымыздың сауығып кетуіне 30 000 доллар қаржы қажет», дейді дәрменсіз болып отырған әке Малдиев Ерлан.
Аяжанның ата-анасы, туған- туыстары қол ұшын бере алатын барша қауымнан көмек сұрайды. Көмек берем деушілерге есепшот нөмірі:
Малдиев Ерлан Нұрахметұлы
РНН 600310089212
уд.л №022385823 от 23.06.08. МЮ РК
счет №1314991043594959
АО «Народный Банк Казахстан»
Байланысам деушілерге, мекен жайы:
Алматы қаласы,
Ақсай 5 ықшам ауданы
№1 үй. 9 пәтер
үй тел.:2241934
Ұялы тел.: 8 701 722 87 61