Фантастика діни уағызды алмастыра алады

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Қиял-ғажайып оқиғаларға құрылған және вампирлер туралы фильмдер жасөспірімдердің діни наным-сенімін қалыптастыра алады.

Фантастика діни уағызды алмастыра алады

Копенгаген университетінің ғалымдары осындай күтпеген жаңалық ашты. Бұл туралы Алаш айнасы газеті жазды.

Зерттеуші Лайн Нибро Петерсеннің Discovery News порталы келтірген сөзде­ріне қарағанда, жастар мұндай фильм­дерді өздерінің өмірлік сұрақтарына жауап табу үшін қарайды. Ғалымның жеке зерттеуі бойынша, әйгілі «Ымырт», «Елестермен сөйлесуші» сияқты сериал­дар діннен бейхабар жас ұрпақтың фи­лософиялық санасының қалыптасуына ықпал еткен. Вампирлер, өмір мен өлім, екінші өмір, мейірім мен қатыгездік қа­ты­­настары туралы көркемдік шешімдер жеткіншектердің этикалық көзқараста­рының жетілуіне де септігін тигізеді екен. Петерсеннің айтуынша, сол себепті бүгінгі жастарды имандылыққа баулу үшін құрғақ үгіт-уағыз айту - қателік.