Фарер аралдары Ұлттар лигасында Қазақстанға қарсы құрамын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Фарер аралдары құрамасы футболдан UEFA Ұлттар лигасындағы Қазақстанға қарсы құрамын жариялады.

я
Фото: ҚФФ

Екі құрама С лигасының үшінші тобында сынға түседі. Сондай-ақ бұл топта Словакия және Молдова құрамалары бар.

Қос құрама 26 қыркүйек күні Фарер аралдарының Торсхавн қаласындағы «Торсволлур» қаласында өткізіледі.

Фарер аралдары құрамасы

Қақпашылар: Бардур а Рейнатрёд («Викингур»), Маттиас Хединссон Ламхауге («Стрёмсгодсет», Норвегия), Ари и Харальдстову Петерсен (ИБВ, Исландия); 

Қорғаушылар: Гуннар Ватнхамар («Вайле», Дания), Андриас Эдмундссон («Верона», Италия), Одмар Ферё («КИ Клаксвик»), Самуэль Чуквуди («Рид», Австрия), Хейни Ватнсдаль («Б-36 Торсхавн»), Вильормур Давидсен («НСИ Рунавик»), Мартин Агнарссон («Мьельбю», Швеция), Аси Дам («ХБ Торсхавн»), Йоаннес Кальсё Даниэльсен («КИ Клаксвик»), Янн Юлин Беньяминсен («НСИ Рунавик»); 

Жартылай қорғаушылар: Геза Давид Тури («Гримсби Таун», Англия), Поуль Кальсберг («Хиллерёд», Дания), Эмиль Вайхе Йоэнсен («НСИ Рунавик»), Маттиас Хеллисдаль («Вестерос», Швеция), Йоханнес Бьорталид («Қызылжар», Қазақстан), Ханус Сёренсен («Алюминий», Словения), Аки Самуэльсен («Мьельбю», Швеция); 

Шабуылшылар: Петур Кнудсен («НСИ Рунавик»), Адриан Юстинуссен («Хорсенс», Дания), Полль Андрассон Клеттскард («КИ Клаксвик»).

Екі құрама қазірге дейін бес мәрте кездесті. Оның үшеуінде отандастарымыз қарсыласына есе жіберіп, біреуінде тең тсүсе, біреуінде жеңіске жетті.

Қазақстандық футболшылар 2024/25 жылғы маусымда В лигасында үшінші топта алты кездесудің бесеуінде жеңіліп, біреуінде тең ойнады. Салдарынан өз тобында төртінші орынды місе тұтып, қайтадан С лигасына түсіп қалды.

Еске салсақ, бұдан бұрын 2028 жылдан кейін UEFA Ұлттар лигасының форматы өзгереді.

UEFA Атқарушы комитеті Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен отырысында ерлер арасындағы ұлттық құрамаларға арналған турнирлердің жаңа тұжырымдамасын мақұлдады.

Ұлттар лигасы мен Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жаңартылған форматы 2028 жылғы құрлықтық додадан кейін енгізіледі.

2028/29 жылғы маусымнан бастап Ұлттар лигасы әрқайсысында 18 құрамадан тұратын үш лига форматына көшеді. Әр лига алты қомандадан құралған үш топқа бөлінеді. Бұрын құрамалар төрт лигадан тұратын доп додасында бақ сынайтын еді.