«ФАРК» лаңкестері француз журналисін босатты

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Колумбияның «ФАРК» ұйымы бір ай бойы тұтқында ұстаған француз журналисі Ромео Ланглуаны босатты. Дәрігерлер оның денсаулық жағдайы жақсы, деп отыр.

«ФАРК» лаңкестері француз журналисін босатты

Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасы хабарлайды.

«Франс 24» телеарнасында жұмыс істейтін ол биыл сәуірдің 28-де колумбиялық қауіпсіздік күштерінің есірткі өндірушілерімен күресі туралы фильм түсіріп жүргенде, тұтқынға алынған еді.

Жыл басында «ФАРК» мүшелері бұдан былай азаматтық тұлғаларды тұтқынға алмауға уәде берген-ді. Ал, Ланглуаны үстінде камуфляж болғандықтан, әскери тұтқын ретінде ұстағандарын айтады.