Фармацептер дәрі-дәрмектер бойынша бірінші рет бірыңғай оператор жүйесімен өткізілетін тендерге алаңдаушылық білдіруде

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қазақстанда қант диабетімен ауыратын адамдардың денсаулығы мен өмірі қауіп алдында тұр. Бұл туралы бүгін  баспасөз мәслихатында ҚР Диабеттік қауымдастықтың президенті Наталья Тукалевская мәлімдеді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қант диабетімен ауыратын адамдарға тұрақты және сапалы дәрілік ем қажет. Биылғы жылдың 10-шы желтоқсанында, 2010 жылғы сатып алынатын дәрі-дәрмектер мен арнайы препараттарды  сатып алуға байланысты бірінші рет біріңғай оператор жүйесі бойынша өткізілетін тендерге алаңдаушылық білдірудеміз. Өйткені, бізге белгілі болғандай, сатып алу кезінде техникалық талаптар қаралмайды екен. Яғни, тек негізгі параметрлер жазылған. Бұл жөнінде «СК-Фармация» өкілдері де биылғы жылдың қараша айының 30-ы күні өткен жиын барысында да мақұлдады», дейді  ҚР Диабеттік қауымдастықтың президенті.

Оның айтуынша, екі есеге төмен бағада сатып алыну жоспарланған дәрілік препараттардың сапалы болуы мүмкін емес. «Толыққанды зерттеуден өтпеген препараттар бірер жылдан кейін теріс әсер беруі мүмкін.  Сонымен қатар, қауіпсіз екендігіне кім кепіл бере алады. Сатып алу кезінде, қант диабетімен ауыратын адамдарға қажетті дәрілік препараттардың техникалық жағы қаралуы тиіс. Себебі оларға ұзындығы мен диаметрі мынандай деп жазылған жай егу инесі қажет емес, арнайы инсулиндік шприц қажет. Олар күніне 5 рет егіледі. Сондай-ақ сатып алу барысында қант мөлшерін өлшейтін глюкометр де дұрыс көрсетіндей болуы керек. Осы өлшеуіш арқылы инсулин құйылатындықтан, артық алынған инсулин адамның өміріне қауіп келтіруі мүмкін. Сондықтан сапалы препараттарды сатып алу қажет, бұл бізге де, өкіметке де тиімді», деді  Н. Тукалевская.

Алматы қаласы Денсаулық басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Лариса Кузнецованың айтуынша, Алматы қаласы бойынша қант диабетімен ауыратын адамдарға жылына 270 миллион теңгеге дәрілік препараттар алынады.

Ресми деректер бойынша, биылғы жылы елімізде қант диабетімен ауыратын 170 796 адам тіркелген. Қант диабеті 2008 жылғы мәліметтер бойынша балалар мен жасөспірімдер арасында 22 пайызға, үлкендердің арасында 12 пайызға өскен.

Соңғы жаңалықтар