Фармация комитеті экс-басшысының үйқамақ мерзімі ұзатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты фармация комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пактың үйқамақтағы мерзімі бір айға ұзартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Астанадағы №2 Алматы аудандық соты күдікті Лариса Пактың үйқамақта отыру мерзімін 2018 жылдың 3 ақпанына дейін ұзартты», деп жазылған соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, Лариса Пак және оның жанындағы тұлғаларға заңсыз сертификат таратты, 10 - 12 мың доллар аралығында пара алды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған болатын.
Өткен жылдың 30 қарашасында Л.Пакқа қатысты қамауға алу туралы шара үйқамаққа ауыстырылып, кейін оның мерзімі 4 қаңтарға дейін ұзартылған.