Фаст-фуд адамды семіртіп қана қоймай, ойлау жүйесін де бұзады - Ғалымдар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гамбургермен тұрақты тамақтану семіздік ауруына ұшыратып қана қоймай, адамның ойлау қабілетіне де кері әсерін тигізеді. Батыс Австралия Университетінің зерттеушілері осындай шешімге келіп отыр, деп хабарлады Росбалт.
Мамандар 17 жастағы жастардың ойлау қабілетінің төмен, тіпті баяулығын зерттегенде олардың 14 жасында фаст-фудты көп жегендігінен болғанын анықтаған.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай тағамдармен жиі тамақтану білімге ынтаны жойып, еске сақтау қабілетінің жұмысын бұзады. Әсіресе, жасөспірімдердің миы жетіліп келе жатқан тұста оның зияны орасан зор.