ФАТФ-тың қылмыстық кірісті заңдастыру мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекеттердің халықаралық стандарттары өз нәтижесін бере бастады - ФАТФ Президенті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"ФАТФ 20 жылдан бері қылмыстық кірісті заңдастыру мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әркетте жекелеген елдерге бақылау жасайды. Біз тұрақты бағалау ғана жүргізбейміз, кездескен олқылықтарды бағалаудың келесі сатысында міндетті түрде түзелуін қадағалаймыз. Егер ешнәрсе жасалмаса, қанағаттанарлықсыз деп баға береміз", дейді ФАТФ Президенті Пол Вландерен. Қандай мемлекеттерде тәуекелдер бар екенін және қандай елдер халықаралық стандарттарды қабылдағысы келмейтінін білу мақсатында әлемдік көшбасшылардың «жиырмалығы» ФАТФ-ты жария тізім жасауға шақырған болатын. Пол Вландереннің айтуынша, ФАТФ ақпан айында осыған байланысты 2 тізім шығарды. 1989 жылы құрылған бұл ұйым мүшелері 20 жылдың ішінде 16 ел болды. Қазіргі таңда онда 180-нен астам ел мен юрисдициялар бар. ЕАТ қазіргі таңда ФАТФ-тың аймақтық үлгідегі 9 топтарының бірі болып отыр. Ол 2005 жылдан бері ФАТФ-та бақылаушы мәртебесіне ие. Оның екі мүше-елі (Қытай мен Ресей) ФАТФ-тың да мүшесі. Ал Ресей ФАТФ-тың аймақтық үлгідегі Арам ақшаны заңдастыру мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрестің қаржылық шараларының Еуропалық кеңесі сарапшылар комитетінің ( МАНИВЭЛ) де мүшесі болып табылады.