ФАТХ пен «Хамастың» арасындағы келіссөздің алғашқы күні нәтижесіз аяқталды

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат – Бір-бірімен алакөз палестиналық ФАТХ және «Хамас» фракцияларының арасындағы келіссөздің алғашқы күні нәтижесіз аяқталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. 10 күнге созылатын келіссөз Каирде, Мысыр өкіметінің арағайындығымен өтіп жатыр. Фракция өкілдері әзірге өзара пікірлерімен алмасты, бірақ ешқандай нақты келісімге қол жеткізе қойған жоқ. «Хамас» радикалды қозғалысы мен Палестина ұлттық әкімшілігінің төрағасы Махмұд Аббас жетекшілік ететін ФАТХ қозғалысының арасындағы жікке бөлінушіліктің салдары 2007 жылдың жазында «хамастықтардың» Газа секторын қарулы күшпен басып алуына әкелген болатын. Палестина-Израиль қақтығысын бейбіт жолмен реттеудің бірден-бір шарты - фракциялардың бітімге келуі болғанына қарамастан, содан бері тараптар келісімге келе алмай отыр.
Соңғы жаңалықтар