«Фатима» драмасы Францияның кино саласындағы басты сыйлығын жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жылдың үздік фильмі үшін Франциядағы «Сезар» сыйлығы Филипп Фоконның «Фатима» картинасына бұйырды,деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
Фильмде Мароккодан Францияға барған босқын мен оның екі қызы туралы баяндалады. Фильмде француз тілін жетік меңгермеген анасы мен Францияда өскен оның балалары арасындағы дау-дамай көрсетілді.
Фатиманың рөлін ойнаған Сория Зероль жылдың үміт күттіретін актрисасы ретінде сыйлыққа ие болды.
Ерлер арасында үздік рөл сыйлығына лайықты деп «Закон рынка» («Нарық заңы») фильмінде ойнаған Венсан Линдонриз, үздік актриса ретінде «Маргарита» фильмінде басты рөлді ойнаған Катрин Фро танылды.
Үздік шетел фильмі атағына Алехандро Гонсалес Иньярритудың америкалық «Бердмэн» фильмі ие болды.
«Сезар» француз киносыйлығы 1976 жылдан сыйланып келеді. Ол Францияның басты кинематографиялық наградасы деп саналады.
Фото: Académie des César