ФБР: Саддам Хұсейн АҚШ-тан гөрі, Ираннан көбірек қорыққан

ВАШИНГТОН. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат  - Ирактың  бұрынғы  диктаторы  Саддам Хұсейн, АҚШ-тан гөрі, Ираннан  көбірек  қорыққан. Бұған    Ирактың     бұрынғы президентінен  алынған   жауаптарға   қатысты   Федералдық тексерулер   бюросының  құжаттары дәлел,

ФБР: Саддам Хұсейн  АҚШ-тан гөрі, Ираннан  көбірек  қорыққан

 деп   хабарлайды ҚазАқпарат  РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

ФБР материалдарында атап көрсетілгендей,   С.Хұсейн Тегранның   алдында   өз әлсіздігін   көрсетпеу  үшін, Ирактың  жаппай  қырып-жоятын қаруға ие екендігіне   әлем жұртшылығын сендіріп келген.  

Жауап  алу кезінде    С.Хұсейннің  өзі  айтқандай,   елдегі барлық   жаппай қырып-жоятын қару  1998 жылы    жойылған  екен.