Федерация президенті Шу ауданының құрметті азаматы атанды

АЛМАТЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚР Бильярд спорты федерациясының президенті Аңсар Қаранеев Жамбыл облысы Шу ауданының құрметті азаматы атанды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Шу аудандық мәслихатының хатшысы Бақтыбай Саудабаевтың айтуынша, бұл шешім аудандық мәслихат пен аудан әкімі Бағдат Қарашолақовтың ұйғарымымен қабылданып отыр. Оны Б. Саудабаев «Аралас пирамида» түрінен өтіп жатқан Әлем кубогы жарысында хабарлап, Аңсар Қаранеевке құрметті азамат деген куәлікті табыс етті. Ол соңғы бірнеше жылдың ішінде Әлемнің 3 дүркін чемпионы атанған Қаныбек Сағындықов пен бұл мәртебелі атаққа өткен жылы қол жеткізген Әлихан Қаранеевті дайындаған еді. Сондай-ақ Азия чемпионаты, Әлем кубогы сияқты байрақты ірі бәсекелерді Қазақстанда өткізуге мұрындық болып жүр. Оның ұйтқы болуымен «Аралас пирамидадан» Әлем кубогы биыл үшінші рет қатарынан Алматыда өтіп жатыр. Жерлестері бұл шара кезінде ең жас Әлем чемпионы саналатын Әлихан Аңсарұлы Қаранеевті Қазақстанның спорт саласын дамытуға және оның ішінде бильярд спортының жетілуіндегі қомақты еңбегі үшін Шу ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.
Соңғы жаңалықтар