Федералды тергеу бюросы АҚШ-та өлтірілген қазақстандық азаматтың ісін тергеуге мүдделілік танытты

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Федералды тергеу бюросы Америкада адам қолынан қаза тапқан Кирилл Денякиннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғау мүмкіндігін қарастыруда.
None
None

Осыған байланысты федералды судья Портсмут полиция департаментінен осы қылмысты тергеуге қатысты барлық құжаттарды сұратты.

Бұл туралы бүгін «Экспресс К» газеті жазады. Мақала авторы Тимур Таранчиев.

Естеріңізге сала кетейік, қарағандылық Кирилл Денякин осы жылдың 23 сәуірінде өлтірілген. Шақыру бойынша келген полиция қызметкерлері жас жігітті бұйрыққа құлақ аспады деп атып тастаған. Оның денесінен 11 оқ алынған. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жерлесіміздің өліміне қатысты қарсылық нотасын жіберген болатын. 14 қараша күні АҚШ-қа қаза тапқан Кириллдың отбасы мүшелері, атап айтқанда анасы Елена Денякина, әкесі Иван Денякин және інісі Роман Америкаға ұшып барды. Осы іс бойынша сот келесі жылы өтеді.

Анықталғанындай, қарағандылық жігітті атып өлтірген американдық полиция қызметкері Стивен Д. Рэнкин агрессивті мінез иесі болған. Оның үстіне полиция қызметкері Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасына: «Ана, бүгін мен кешке барып, біреуді атып кетсем болады ма?!», - деп жазған.

Соңғы жаңалықтар