Федералдық тергеу бюросы Бостондағы лаңкестікке күдіктілердің фотосуреттерін жария етті
«Бұл адамдарды біреу-міреу білуі тиіс», - дейді ФТБ өкілі Ричард Делорье (Richard DesLauriers). Ол аталмыш ер адамдардың тұлғасын анықтау басты міндет болып табылатынын атап өтті. Күдіктілер жақсы қаруланған және аса қауіпті болуы мүмкін. Тергеушілердің байламынша, ер адамдар жарылғыш құрылғыларды өздерінің арқа қоржындарында алып келген. ФТБ фотосуреттер мен бейнежазба жария етілгеннен кейінгі бірнеше сағаттан соң халықтан бірінші үнқатулар түсе бастайтынына үмітті.
Еске сала кетейік, 15 сәуір күні Бостон марафонының мәре сызығында орын алған екі жарылыстың салдарынан 15 адам көз жұмды. Оның ішінде 8 жастағы бала да бар. 180 адам жапа шекті. Қазақстанның СІМ ақпаратына сәйкес, Бостондағы қайғылы оқиғадан қаза болғандар мен жарақаттанғандар арасында мемлекетіміздің азаматтары жоқ.