Федерация Алексей Нидің өмір бойына бапкерлік лицензиясынан айырылғанын растады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Ауыр атлетика федерациясы белгілі Алексей Нидің бапкерлік лицензиясынан өмір бойына айырылғанын растады.

Ни
Фото: Vesti.kz

«Иә, бұл шын ақпарат. Бұл – халықаралық шешім. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы мен Халықаралық тестілеу агенттігінің шешімі», - деді федерациядағылар.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ресми сайтындағы мәліметте Алексей Нидің бапкерлік лицензиясы 2015 жылы уақытша тоқтатылғаны, қазір сол лицензиядан өмір бойына айырылғаны айтылған. Себебі «Халықаралық ауыр атлетика федерациясының допингке қарсы ережелерін бұзғаны үшін» деп көрсетілген.

Айта кетейік, Алексей Ни Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен 2016 жылы кеткен болатын. 

Ол құрама тізгінін ұстап тұрғанда Олимпиада ойындары мен әлем, құрлық чемпионаттарында жүлде алған спортшылардың көбі допинг дауына ілінгені көпшілікке мәлім. 

Соңғы жаңалықтар