Федерация ресми мәлімдемесі: Бақтиер Зайнутдинов алдағы ойындарға қатыспайды

футбол
Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов 2024 жылғы Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирінде Сан-Марино және Словениямен өтетін матчтарға қатыса алмайды, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Бақтиер «Бешикташ» – «Ыстамбұл Башакшехир» матчында мұрын сүйегі мен көз ұясының негізін сындырып алған.

Оның емделуіне кемінде 2-3 апта уақыт кетеді.

«Жоспар бойынша Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапына бүгін қосылуы керек болатын. Өкінішке қарай, оқу-жаттығу жиынына және шешуші екі ойынға бара алмайды. Бәріміз Бахаға бар қолдауымызды көрсетіп, тезірек сауығып кеткенін тілейік, достар!» деп жазады федерацияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зайнутдиновқа ресми түрде диагноз қойылып, ота жасалғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар