Федерер Australian Open жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариялық теннисші Роджер Федерер Австралияның Ашық чемпионатының жартылай финалына шықты. Ширек финалда Үлкен шлем турнирінің 17 дүркін жеңімпазы Федерер неміс Миша Зверевті 6:1, 7:5, 6:2 есебімен ұтты.

Федерер Australian Open  жартылай финалына шықты

Финалға шығу үшін ол өзінің отандасы төртінші нөмірлі Станислас Вавринкомен бақ таластырады.