Фёдор Щербаченко - «Қайсардың» жаңа бас бапкері

АСТАНА. ҚазАқпарат - 52 жастағы ресейлік маман Федор Щербаченко «Қайсардың» жаңа бас бапкері болып тағайындалды, деп жазды Sports.kz.

Фёдор Щербаченко - «Қайсардың» жаңа бас бапкері

Ол бұрын ресейлік «Кубань», «Томь», «Мәскеу», «Балтика», «Губкин», «Мордовия» және «Ротор» клубтарында жұмыс істеген. Ал бұған дейін армяндық «Улисс» клубында жұмыс жасады.

Федор 8 тамызда Қызылордаға келіп, өз міндетіне кіріседі деп жоспарлануда.