Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 18 тамызда қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Жоғарғы сот.

Жоғарғы сот
Фото: Kazinform

Сот отырысы сағат 15:00-де басталған.

Іске қоғам тарапынан жоғары қызығушылық танытылып отырғанын, сот процесіне қатысушылардың пікірін, сондай-ақ жәбірленуші тараптың өтінішін ескере отырып, сот осы іс бойынша ашық сот отырыстарын онлайн көрсету туралы шешім қабылдады.

– Сот процесінің онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube арнасынан көруге болады, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Жоғарғы соттың Telegram-арнасына жазылып, соттың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жаңартылған ақпаратты бақылауға болады.

ҚР Жоғарғы соты республика соттарындағы сот отырыстарын тікелей эфирде көрсету тәжірибесін жалғастырып жатқанын атап өтті.