10:39, 17 Қаңтар 2011 | GMT +5
Феликс Құлов Қырғызстандағы сыбайлас жемқорлықтың схемаларын жария етпек
БІШКЕК. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғыздың «Ар-Намыс» партиясының саяси және депутаттық фракциясының жетекшісі Феликс Құлов дүйсенбі, 17 қаңтар күні Бішкекте баспасөз мәслихатын өткізбек.

«Қырғызстандағы сыбайлас жемқорлықтың негізгі схемалары (мемлекеттік сатып алулар, тендерлер, энергетика, жанар-жағармай, өндіріс)» тақырыбына арналған мәслихатта Ф.Құлов елдегі жемқорлық проблемасының шешілу барысы мен сыбайлас жемқорлықтың негізгі схемалары туралы әңгімелеп бермек.
"Экономистердің есептеуінше, жемқорлықтың салдарынан ел экономикасына, жоқ дегенде, шамамен 20 миллиард сомның шығыны келеді", - деп хабарлады партияның баспасөз қызметінен.