Феликс Штамм турнирі: Боксшыларымыздың қатары селдіреп қалды

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Варшавада Феликс Штамм жүлдесі үшін бокстан ірі халықаралық турнирде бақтарын сынап жатқан боксшыларымыздың қатары азайды.
None
None

Бірі жеңіске жетіп желпінсе, енді бірі жеңілістің кермек дәмін татты. Яғни, мықтылар іріктеуден іркілмей өтіп, жартылай финалға қадам басты. Біздің өрендердің үшеуі жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды, деп жазады «Аламан».

Ойын нәтижелері:

52 келі: Азат Махметов түркиялық Эрдалды 12:5 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Ендігі қарсыласы тым мықты. Ілияс Сүлейменовті Олимпиадада жолдан ығыстырған ағылшын Эндрю Селби. Кімнің мықты екендігі ертең мәлім болмақ.

60 келі: Жайлауов - жартылай финалда. Түрік боксшысы Ғаниға еш қауқар көрсете алған жоқ. Есеп - 13:8. Біз болжағандай, біздің өреннің келесі қарсыласы бразилиялық Робсон Консейсао.

69 келі: Мейірім Нұрсұлтанов молдован Вася Белоусты 15:8 есебімен Кишиневке қайтарды. Жартылай финалда Мейірімді француз Сулеймани күтіп тұр.

81 келі: Өкінішке қарай, сенген серкеміз Алмат Серімов үмітті ақтаған жоқ. Ширек финалда түрік Бурак Аксинның алдында дәрменсіздік танытты. Есеп 11:8

91 келі: Алексей Севостьяновтың бірден жартылай финалға өткенінен білесіздер. Оның қарсыласы бразилиялық Ногиера.

+ 91 келі: Әттеген-айы, Олжас та Варшавадан олжасыз қайтатын болды. Бұқаевтың мүйізін «сындырған» неміс Шульц.

51 келі: Біз күткендей, Жайна Шекербекова жартылай финалға емін-еркін өтті. Моңғолиялық Миагмар Дуланды 15:11 есебімен төпеп тастады. Оның ендігі қарсыласы шаршы алаң қожайыны Сандра Драбик.

60 келі: Кабота Дулатова да ұнжырғамызды түсірді. Шаршы алаң қожайыны Сандра Крук отандасымызды 19:13 есебімен жеңді.

75 келі: Әзірге, Маринаның қарқыны қатты. Алғашында германиялық Штрохмайерді 15:7 есебімен ұтса, ширек финалда нидерландиялық Фонтжинді сүріндіріп, жартылай финал мәселесін шешті. Вольнованың келесі қарсыласы осал емес. Канадалық әлем чемпионы Мэри Спенсер мықты ма, Марина мықты ма? Жауабын бүгін білетін боламыз.

Соңғы жаңалықтар