08:39, 26 Қараша 2014 | GMT +5
Фергюсонға АҚШ Ұлттық гвардиясының 2200 сарбазы жіберілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Миссури штатының билігі Фергюсон қаласында наразылық танытушыларды тәртіпке шақыру үшін қосымша күш жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады ВВС.

Штат губернаторы Джей Никсонның сөзіне қарағанда, сейсенбіден бастап, АҚШ-тың Ұлттық гвардиясынан 2200 сарбаз аймақтағы тәртіпті қорғауға жіберліген. 18 жастағы қара нәсілді жасөспірім Майкл Браунды атып тастаған полиция қызметкерін ақтау туралы алқа билердің шешімі «ескі» наразылықты қайта өршітті. Кеше Фергюсонда ондаған үй өртке оранды, 29 адам ұсталды, полиция қызметкерлерінің бірі жараланды. Сейсенбі күні наразылық шаралары Нью-Йорк, Вашингтон және АҚШ-тың басқа қалаларында жалғасты.