Фермер Германия құрамасының құрметіне лабиринт өсірді - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда фермер футболдан әлем чемпионатында жеңіске жеткен ұлттық құраманың құрметіне 18 мың шаршы метрді құрайтын лабиринт өсірді. Бұл туралы ФИФА-ның сайтында хабарланған.
Уиттинг қаласындағы жазықта орналасқан бұл суретті жоғарыдан қараған кезде Бразилия туына қарай доп салып жатқан футболшының бейнесі көрсетілген. Оны жасауды Ули мен Коринн сәуір айында бастаса керек. Лабиринт келем деушілерге қыркүйек айының соңына дейін ашық болады.