Фермерлер егістерден 2 есе артық өнім алуға қол жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат -ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында егіс алқаптарын әртараптандыру айтарлықтай пәрменді іс-қимыл екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бидай егістерін біртіндеп қысқарту жүріп жатыр, алайда бұл бидайды өндіру көлемін азайту дегенді білдірмейді. Атап айтқанда, бидай өсіретін фермерлер аз алқапта көп өнім алуға бағыт алуы тиіс. Мәселен, Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер осындай бағдарламаның қабылданғанына Үкіметке ризашылықтарын білдіруде. Бүгінде олар дәл сол аумақтан өнімді 1,5-2 есеге артық алуда»,-деп түсіндірді Айтуғанов Үкіметте өткен бапасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, әртараптандыру шараларының нәтижесінде биылдың өзінде қоспа жемді өндіру көлемі 1,2 есеге (1,2 миллионнан 1,4 миллион тоннаға дейін), сонымен қатар майлы дәндер - 1,3 есеге (1,5 миллионнан 1,9 миллион тоннаға дейін), отандық қант 1,4 есеге (36 мыңнан 51 мың тоннаға дейін) артады.
Бірінші жартыжылдықта 513 мың тонна қоспа жем өндіріліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 47 пайызға артық болды.