Фермерлердің қарызын субсидиялауға қанша қаржы керек

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Мәжіліс депутаттарының сауалына орай фермерлердің қарызын субсидиялауға қанша қаражат қажет екендігін мәлім етті.

несие
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Үкімет басшысы орынбасарының дерегінше, қазіргі уақытта фермерлердің қарызын субсидиялауға қосымша қажеттілік 256,8 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде:

— Өсімдік шаруашылығына — 95,3 млрд теңге (тұқым шаруашылығын дамыту — 8,8 млрд теңге, басым дақылдар өндірісі — 35,1 млрд теңге, тыңайтқыштар (органиалық тыңайтқыштарды қоспанғанда) — 17,4 млрд теңге, пестицидтер, биоагенттер — 33,9 млрд теңге);

— Мал шаруашылығына — 43,5 млрд теңге;

— Қаржы құралдарына — 118 млрд теңге (инвестициялық субсидия — 39,9 млрд теңге, сыйақ мөлшерлемесін субсидиялау — 78,1 млрд теңге).

Бұл ретте «күту парағында» 194,8 млрд теңге сомасына мақұлданған өтінім тұр:

— Өсімдік шаруашылығына — 56,8 млрд теңге; 

— Мал шаруашылығына — 20 млрд теңге;

— Қаржы құралдарына — 118 млрд теңге.

— 259,1 млрд теңге мөлшерінде қосымша қаржыландыру туралы ұсыныс бюджеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органға жіберілді. Бұл ретте субсидиялауға қосымша қажеттіліктің бір бөлігі әкімдіктердің өзге бюджеттік бағдарламалар қаражатын қайта бөлу арқылы жергілікті бюджет қаражатынан қосымша ресурстар табуына байланысты қысқартылды. Төлемдер қаражаттың бөлінуіне орай басталады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына бойынша саланы 2028 жылға дейін «ұзақ мерзімді» және қолжетімті несие ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында фермелердің несиелерін субсидиялау жүйесі жеңілдікті несиелендіруге көшіру мәселесі қарастырылатын болады. Аталған шара жеке банктерді жеңілдікті пайызбен агроөнеркәісіп кешенін несиелеуге тартуға мүмкіндік береді, — деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін астық экспорттайтын шаруаларға субсидия берілетіндігін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар