Ferrari көлігі Париждегі бәссаудада 35,7 миллион долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат- Парижде өткен Artcurial Motorcars Retromobile аукционында 1957 жылы шыққан Ferrari 335 S Spider Scaglietti көлігі сатылды.

Ferrari көлігі Париждегі бәссаудада 35,7 миллион долларға сатылды

Бірегей көліктің бастапқы бағасы 22,3 миллион доллар болған. Белгісіз біреу оны 35,7 млн долларға сатып алды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Ferrari 335 S Spider Scaglietti көлігі 1957-1958 жылдар аралығында шығарылды. Әлемде бұндай көлік тек төртеу ғана, Парижде сатылған көлік ең қымбаты болып саналады.