ФЕСТ халықаралық кинофестивалінің жеңімпазы анықталды
АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Белградта 42-інші ФЕСТ халықаралық кинофестивалінің жеңімпазы жария етілді.
Бас жүлдеге түбі ирандық, норвегиялық режиссер Ирам Хак түсірген «Я ваша» фильмі лайық деп табылды.
Жеңімпазға құрмет дипломымен қатар 2 мың еуро қоса тапсырылады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Шығармаға Норвегияға көшіп барған пәкістандық жалғызбасты әйелдің басынан кешкендері арқау болған.
«Бұл фильмді бір жағынан өмірбаяндық десе де болады. Туындыға эмигранттардың екінші толқыны, екі түрлі мәдениеттің тепе-теңдігін сақтай білген жас, жалғызбасты әйел өмірінің қыр-сыры арқау болған», - дейді Иран Хак.
Байқауға алты фильм қатысты. Олардың ішінде Ресей, Әзірбайжан, Грузия, Израиль және Македония елдерінің туындылары бар. Фестиваль аясында 10 күннің ішінде 75 шығарма көрсетіліп, 95 мың билет сатылды.