Фейерверкті жөн-жосықсыз қолданған 70 адамға айыппұл салынды
Energyprom.kz порталының мәліметінше, аталған істердің 76-сына әкімшілік жаза қолданылса, қалған 16 іс қысқарды.
Ал 76 істің 70-інде айыппұл салынып, 6 іс бойынша ескерту берілді. Салынған айыппұл сомасы - 3,4 млн теңге. Оның 3,1 млн теңгесі өндірілді.
Өңірлер арасында құқық бұзушылықтың басым бөлігі Алматы мен Павлодар облыстарында тіркелген: әр өңірде 11 жағдайдан.
Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан (10 жағдай) мен Қостанай облыстары (8 жағдай) тұр.
Ал жаңадан құрылған Ұлтыау, Абай, Жетісу облыстарында, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында бірде-бір құқық бұзушылық тіркелген жоқ.
Пиротехникалық бұйымдарды жөнсіз пайдалану бүкіл әлемде өзекті болып отыр.
Мәселен, АҚШ-тың тұтынушылық тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі комиссиясы (CPSC) фейерверкке қатысты жарақаттар саны айтарлықтай өскенін анықтады.
CPSC мәліметінше, 2006-2021 жылдары аралығында АҚШ-та фейерверктен болатын жарақат саны 25 пайызға артқан.
2021 жылы фейерверкпен байланысты оқиғалар кезінде кемінде 10 адам қаза тауып, шамамен 11,5 мың адам жарақаттанған.
Негізінен адамның қолы, саусақтары, беті, құлағы және аяғы жиі жарақат алады.