00:05, 22 Шілде 2024 | GMT +5
«МАЭК» кәсіпорнында ірі апат болды – фейк
АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтау қаласының тұрғындары арасында WhatsApp желісі арқылы аудио хабарлама тараған болатын. Онда кәсіпорында ірі апат орнағаны, алдағы уақытта су қайта ажырауы мүмкін екендігі туралы айтылған. Бұл жалған ақпарат болып шықты. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы мәлім етті.

«МАЭК» кәсіпорнында ешқандай апат болған жоқ. Су қалыпты жағдайда шектеусіз беріледі,-дейді энергокомбинаттың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Каспий жылу, су арнасы»МКК қазіргі уақытта ауыз су қысымының төмендеу себебін анықтауда.