Фейсбук бірнеше жыл полиция ізіне түскен қарақшыны ұстап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook жасанды интелектісі британдық полицияға бірнеше қылмысқа қатысы бар қылмыскерді табуға және ұстауға көмектесті, деп хабарлайды BBC.
None
None

Нәтижесінде 21 жастағы Омар Фамода 17 жылға сотталған. Қылмыс құрбандарының біріне Фейсбук әлеуметтік желісі достасу үшін «тануы мүмкін адамдардың» кезекті тізімін ұсынған.

Автоматты алгоритм әлеуметтік желідегі пайдаланушылардың ішінен бірқатар параметр бойынша сай келетін үміткерлерді таңдайды және пайдаланушыға олармен достасуды ұсынады. Осындай сілтеменің бірінде қарақшының аккаунты болған, оны зардап шеккен адам танып қойған.

Омар Фамода бірнеше жыл қатарынан ұрлық жасап, жұртты тонап келген. Ол көлік айдап кету, қарулы қарақшылық жасау, күш қолдану секілді қылмыстар жасаған.

Соңғы жаңалықтар