Фейсбук, Вконтакте және Инстаграм әлеуметтік желілерінде - «Отбасымның тарихы» үздік әңгіме байқауы

Байқауды өткізу отбасылық құндылықтарды дәріптеу арқылы отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайтуға бағытталған.
Байқауға кез-келген үміткер қатыса алады. Пост жазуда жанрлық шектеу қойылмайды (әңгіме, эссе, өлең, фотосурет және т.б.). Пост (немесе фотосурет) мазмұны байқау тақырыбының әртүрлі қырларын қамтып, көрсетуі тиіс. Атап айтқанда, адам өміріндегі, жеке тұлғаның қалыптасуындағы, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі отбасының рөлі, отбасы мүшелерінің құрмет, мейірімділік пен қайырымдылық негізіндегі қарым-қатынастары, отбасылық салттардың ұлттық ерекшеліктері мен халықтық дәстүрлері, рухани-адамгершілік құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа табыстау тәрізді тақырыптар мен ана, әке, ата, әже бейнелері, отбасы тарихы, отбасындағы аңыз-хикаялар қамтылуы мүмкін. Байқауға қатысу үшін жұмыстарды қабылдау 26 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады, ал 10 және 11 қыркүйек аралығында ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлерінен құрылған тәуелсіз комиссия әрбір әлеуметтік желі (фейсбук, вконтакте, инстаграмм) бойынша байқаудың 5 финалистін анықтайды, деп хабарланған «Нұр Отан» партиясының ресми сайтында.