FIBA баскетболдан олимпиадаға іріктеу турнирінің жарыс кестесін жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық федерация 3х3 баскетболдан Олимпиадаға іріктеу турнирінің жарыс кестесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

FIBA баскетболдан олимпиадаға іріктеу турнирінің жарыс кестесін жариялады

Лицензия сарапқа салынатын дода 26-30 мамыр аралығында Аустрияның Грац қаласында өтеді.

В тобында сынға түсетін қазақстандықтар жалпы есебі төрт матч өткізеді:

27 мамыр, 15:50 - Литва vs Қазақстан

27 мамыр, 18:20 - Қазақстан vs Бельгия

29 мамыр, 15:50 – Оңтүстік Корея vs Қазақстан

29 мамыр, 17:55 - Қазақстан vs АҚШ

Іріктеу турнирінің ережесіне сәйкес, плей-офф сериясына өз тобында бірінші және екінші орын алған командалар өтеді.