Фидель Кастро 83-ке толды

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Куба төңкерісінің көшбасшысы Фидель Кастро бүгін 83-ке толды,

Фидель Кастро 83-ке толды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Бостандық аралының тұрғындары үлкен салтанатты жоспарлап отырған жоқ. Ішінара бұл экономикалық дағдарыспен байланысты: соңғы ай ішінде елдегі көптеген дүкендер мен базарлар қаңырап бос қалды. Солай болғанымен Кастро қазірдің өзінде кубалықтардан бірнеше сыйлықтар алды. Сенбі күні Гаванада командантенің сөйлеген сөздері мен сұхбаттарынан екі мыңға жуық үзінділер келтірілген сөздіктің таныстырылымы болды. Сонымен қатар, 30 қылқалам шебері Фидельге арналған көрме ұйымдастырды.