12:27, 14 Тамыз 2010 | GMT +5
Фидель Кастро 84 жасын тойлауда
АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Кубада үлкен мереке - Фидель Кастроның туған күні. Командант 84 жасқа толып отыр. Ерекше сән-салтанат жоспарланбағанымен, әрбір кубалық азамат үшін бүгін күнтізбенің қызыл күні саналады,

деп хабарлайды "Россия 24″.
«Біздер үшін ол қашанда Куба революциясының көшбасшысы болып қала береді, сондықтан да оның 84 жасқа толғанына біздер қуаныштымыз!», - деп шаттанады жергілікті тұрғын Хосе Руис.
«Ол - ұлттық қана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі ұлы тұлға. Қолында билігі болғандықтан ғана емес. Ол нағыз көреген, әлемдік құбылыстарды ол алдын ала сезіп, оны шешудің сара жолын ұсына алады», - деп атап өтеді тағы бір жергілікті тұрғын Хорхе Магуейро.