Фидель Кастро: «G 20» саммитінде тағы 180 ел жетіспейді
ГАВАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - «G 20» саммиті маңызды шара, бірақ оған тағы 180 елдің қатысуы жетіспей отыр», - деп санайды Фидель Кастро.
ҚазАқпарат бұл туралы Utro.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Кубаның бұрынғы басшысының бұл мәлімдемесін жергілікті басылымдардың бірі таратып отыр. Команданте өз мәлімдемесінде, батыс елдерінің өз арасында ғана емес, олардың дамушы елдермен арасындағы да қайшылықтардың терең екенін атап көрсетті.