Фидель Кастро Конфуций атындағы әлемдік сыйлықпен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кубаның бұрынғы көшбасшысы Фидель Кастро Конфуций атындағы әлемдік сыйлықтың иегері атанды. Онда «Бейбітшілікті қолдап, АҚШ-пен дау-дамай барысында әскери қақтығысқа жол бермей, ұстамдылық танытқаны үшін» деп жазылған.
None
None

Өткен жылы Конфуций сыйлығын Ресей президенті Владимир Путин иеленген болатын.

Бұл, әлемдік Нобель сыйлығының шығыстық баламасы ретінде 2010 жылы Қытайда бизнесмен Лю Чжициннің бастамасымен беріле бастады.

Конфуция сыйлығының лауреаты 15 мың доллар көлемінде ақшалай жүлде алады, деп хабарлады Би-Би-Си.

Соңғы жаңалықтар